Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес (01.07.2021 ж.жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) пара алу үшін жауапкершілік 367-бапта көзделген.
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру-мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасынан отыз еселенген мөлшерге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге
Осыған ұқсас, бірақ айтарлықтай мөлшерде жасалған іс-әрекет,мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасынан қырық еселенген сомасына дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер іс-әрекеттерді адамдар тобы алдын ала сөз байласып, бірнеше рет және ірі мөлшерде жасаса, онда олар параның қырық еселенген сомасынан елу еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер іс-әрекеттер аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топпен жасалса, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасынан алпыс еселенген мөлшерде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.