Артық төлем - ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін жеке шоттан есеп-қисаптар сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін жеке жеке көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленген (есепке жатқызылғандарын, қайтарылғандарын шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгендерін шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма.
Салық және төлемдер бойынша артық төлемді қайтару үшін мемекеттік кірістер органына, төлем жасалған жерге, есепке алуға немесе қайтаруға арналған салықтық өтінішті ұсыну қажет. Қайтару кезінде банк шотын көрсету керек. Білу қажет, бюджетке берешегі жоқ болған кезде ғана қайтарым беріледі.
Салық төлеушілер салық, терім, өсім соммасын қате төлейтін немесе артық төлейтін жағдайлар да орын алады.
Салықтың, терімнің немесе өсімнің артық төленуі әртүрлі себептермен болып жатады, олардың ең көп таралғаны: декларация жасау, есептеу кезінде қателіктер, салықтардың мөлшерлемерін (терімдердің, төлемдердің) дұрыс пайдаланбау, сол немесе басқа салық кодына қате төлем жіберу, және т.с.с.
Салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына қате кеткен төлемдерді есепке алуға немесе қайтаруға арналған салықтық өтінішті келесі жолдармен беру қажет:
-канцелярия, мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
- «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы;
-«ХҚКО» арқылы;
-«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы;
- e-Salyq Azamat салықтық әмиян арқылы.
Салық кодексінің 102,103 баптарына сәйкес артық төленген салық соммасы:
1. Басқа салықтар бойынша берешекті төлеуге есептеледі;
2. Сол немесе басқа салықтар бойынша өсімді, айыппұлды төлеуге есептеледі;
3. Сол немесе басқа салықтар бойынша болашақ төлемдерді төлеуге есептеледі;
4. Салық төлеушіге қайтарылады.