"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттерді орындауды тіркеу, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсету Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті немесе Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу, сондай – ақ кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттің орындалуын тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі-өтініш) құжаттар топтамасымен бірге бекітілген нысан бойынша жібереді. Содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның міндетін атқарушыға қарау үшін береді, ол көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың кейіннен тіркей отырып, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды, сондай-ақ белгіленбеген нысан бойынша өтінішті ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.