«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін қалай алуға болады?
Бұл мемлекеттік қызметті Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары ұсынады.
Қызметті мына арқылы алуға болады:
1) облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдар;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы » КЕ АҚ.
Қызмет көрсету формасы - қағаз.
Бұл жағдайда растайтын құжаттар: апостильге жататын құжат және апостиль қою үшін бюджетке мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік баж салығы 0,5 АЕК мөлшерінде төленеді, осы бажды төлеген күні (Салық кодексінің 615-бабы 7) тармақшасы) ҚБК коды бойынша - 108125.
Төлем заңды маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың құжаттар берген жері бойынша есептеледі (Салық кодексінің 623-бабының 2-тармағы).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 3-5 жұмыс күнін құрайды.