ҚР Салық кодексіндегі жаңашылдықтар алдын алу шараларын қарастырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуін жеңілдетуге бағытталған.
Жаңа өндірістерді құруды ынталандыру, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды ұлғайту мақсатында өңдеуші өнеркәсіпте өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу кезінде жаңа өндірістік компаниялар үшін ҚҚС бойынша (70%) қосымша есепке алуды қолдану көзделген.
Ауыл шаруашылығы техникасын 12% - ға арзандату және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Qyzyljar» АЭА импортына ҚҚС-тан босатуды көзделген.
ЕАЭО елдерінен белгілі бір тауарларға бақылау бағасының ең төменгі деңгейін қолдану әкелінетін тауарлардың құнын төмендету фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады және өзекті салық салынатын базадан ҚҚС алуға мүмкіндік береді, шара отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қорғауға бағытталған, өйткені қазақстандық экспортты кемсітетін елдерге қатысты айна шараларын қолдануға мүмкіндік береді.