ҚР Салық кодексіндегі жаңашылдықтар алдын алу шараларын қарастырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуін жеңілдетуге бағытталған.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің КТС бойынша салық салынатын табысын осындай субъектімен еңбек қатынастарында тұрған халықтың әлеуметтік осал санаттарын оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жұмсалған шығыстар мөлшерінде азайту, бірақ салық кезеңінде бір қызметкерге тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 120 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайту көзделген.
Егер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі Салық кодексінің 521-бабы 2, 3, 4 және 5-тармақтарының бірнеше ережелеріне сәйкес келсе, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің мүлік салығы бойынша 0,5% төмендетілген ставканы қолдануы және ең төменгі салық мөлшерлемелерінің бірін қолдануда таңдау құқығы берілді. Өзгерістер белгілі бір нысаналы топтар өкілдерінің кәсіпкерлік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді.