2021 ж.01сәуіріне Ақтөбе облысының салық және басқа да міндетті төлемдердің жалпы түсімі 80,9млрд.теңге кұрады. Соның ішінде Ұлттық қорға 13,7 млрд.теңге түсті.
Мемлекеттік бюджеттің болжамы 119,1% орындалды, бекітілген жоспары 56,4 млрд.тенге, нақты түсімі 67,1 млрд.теңге немесе болжам көрсеткішінен 10,8 млрд.теңгеге артық түсті.
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болжам көрсеткіштерін орындау, қосымша резервтерді анықтау максатында салық, кедендік және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке толық түсуіне әкімшелендіру шаралары жасалды, соның нәтижесінде қосымша 2,7 млрд.теңге түсім қамтамасыз етілді.