Меню

Страницы

Статья

POS-терминалдарды қолдану

2021 жылғы 1 шілдеден бастап дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі кәсіпкерлерді қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысымен салық төлеушілер РОЅ-терминалдарды қолдануға міндетті мынадай 14 Қызмет түрі айқындалды:

- автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

- көтерме және бөлшек сауда;

- қонақ үйлердің қызмет көрсетуі;

- мейрамхана қызметтерін ұсыну, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар ұсыну;

- әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату;

- жүктерді көліктік өңдеу, қоймалау және сақтау бойынша қызметтер көрсету, тасымалдау бойынша қосалқы қызметтер және жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер;

- туризм саласында қызмет көрсететін туроператорлар мен өзге де ұйымдардың қызметі (турагенттерден басқа);

- сақтандыру саласындағы қызмет;

- Денсаулық сақтау саласындағы қызмет;

- білім беру саласындағы қызмет;

- кинофильмдерді, бейне және телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет, кинофильмдерді көрсету;

- фитнес, спорт клубтарының, дискотекалардың қызметі;

- құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметі;

- боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызмет көрсету.

Жоғарыда көрсетілген жабдық қызмет көрсететін банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт негізінде орнатылады.

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы