ҚР ҚМ 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 395 бұйрығымен жаңа редакцияда үш компонентті интеграцияланған жүйеге (ҮИЖ) қойылатын талаптарды белгілейтін кейбір ережелер баяндалған. Бастапқы ережелер "үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" ҚР ПМ бірінші орынбасары – ҚР ҚМ 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.
ҮИЖ-ге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер:
-ҮИЖ АӨК бір, сондай-ақ бірнеше БКМ-онлайн картамен төлем қабылдауға арналған құрылғылардан тұруы мүмкін екендігі нақтыланды. Бұрын талаптарда АӨК ҮИЖ бір БКМ және қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін бір құрылғыны қосуды көздейтін редакция қамтылған;
- ҮИЖ қамтамасыз етуі тиіс функционал ретінде "пайдаланушылар үшін қажетті қосымша сервистерді іске асыру" ережесі қосылды…»;
- ҮИЖ міндетті компоненті ретінде АӨК сервері мен ҮИЖ клиенттік бөлігі арасында байланыс болмаған жағдайда, тауар чектерін беру бойынша модульдің болуы бойынша міндеттеме қосылды;
- Тізілімге енгізілген БКМ жаңа моделін немесе қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін құрылғыны қосқан жағдайда ҮИЖ бойынша ақпараттық қауіпсіздікке сәйкестігіне сынақ нәтижелері бойынша қайта акті талап етілмейтіндігі нақтыланды;
- Енгізілген түзетулерден басқа, жаңа реакцияда бекітілген нысандар баяндалған: үш компонентті интеграцияланған жүйенің (бұдан әрі – ҮИЖ) моделін Бірыңғай тізілімге енгізу туралы өтініш үш компонентті интеграцияланған жүйені (бұдан әрі – ҮИЖ) тіркеу, өзгерту және алып тастау туралы өтініш .
Өзгерістер ресми жарияланғаннан кейін 21 күн өткен соң күшіне енеді және қолданылады.
Ресми жарияланымы 2021 жылғы 29 сәуірде шығарылды.