ҚР СК 166-бабының 5-тармағына сәйкес, бақылау-касса машиналарын қолданған кезде мынадай талаптар қойылады:
бақылау-касса машинасын ақшалай есеп айырысуға байланысты қызмет басталғанға дейін салық органында есепке қою жүзеге асырылады;
бақылау-касса машинасының чегін немесе тауар, жұмыс, қызмет үшін төленген сомаға тауар чегін беру жүзеге асырылады;
салық органдарының лауазымды тұлғаларының бақылау-касса машинасына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.