Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін құқықтық жауапкершілігі барған сайын күшейе түсуде және бұл жұмысқа бүкіл қоғам қосылуда.

Соңғы 5 және одан көп жыл ішінде мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің Адам ресурстары басқармасы кезең-кезеңімен ішкі талдау жүргізеді.

Талдаудың мақсаты басқарма, бөлімшелердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жою болып табылады.

Адам ресурстары басқармасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі, әдетте, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен байланыстардың болуы, қосымша құжаттарды талап ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында басқармамен уәкілетті органға бөлімшенің қызметіне қатысты кейбір нормативтік-құқықтық актілерді қарау үшін тиісті ұсыныстар жолданды.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің негізіне нұқсан келтіретіндіктен және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіпті болып табылатындықтан, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін жағдайларды жою біздің еліміздің әрбір саналы азаматының, әрбір мемлекеттік қызметшінің ісі болып табылады.

Дата публикации
12 мая 2021
Дата обновления
12 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы