Меню

Страницы

Статья

Салық әмияны

Ақтөбе облысы бойынша МКД салықтөлеушілердің назарына келесіні хабарлады.
Салық төлеу процесі одан да оңай болды. Бұл «e-Salyq Azamat» («App Store» және «Play Market») мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» сервисінің арқасында мүмкін болды.
«Салық әмиянына» ақша жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар артықшылықтарға ие болады, мысалы:
-Салық әмиянынан салық берешегін автоматты түрде тіркеу;
-Берешек сомасын бір салықтан екінші салыққа автоматты түрде аудару;
-Төлеу туралы хабарламаларды алу;
-Салықтар бойынша негізсіз өсімпұлды алып тастау;
-Қате төлемдерді жою;
-Салық салу объектілерін қарау.
Сондай-ақ, «e-Salyg» мобильдік қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарап, сәйкесінше салықтың қандай көлік құралдары бойынша есептелгенін көруге мүмкіндік бар.
Сервис онлайн-режимде түзетуге, оның ішінде көлік құралының сипаттамаларын өзгертуге, көлік құралын иеліктен шығаруға (сатуға) байланысты оны Дерекқордан алып тастауға өтініш беруге мүмкіндік береді.
Интерфейсте сату туралы тиісті құжаттарды немесе автомобильдің дұрыс деректерін қосу жеткілікті.
Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі. Осы процесті оңайлату мемлекеттік кірістер органының мамандарымен тікелей байланысты жояды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді.
Дата публикации
05 мая 2021
Дата обновления
05 мая 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы