Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 305-бабы 5-тармағының 3,4-тармақшасына сәйкес аванстық төлемдер сомалар есебі:
3)осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларациядан кейін осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі. Аванстық төлемдерді есептеу мақсатында алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы осы Кодекстің 297-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы енгізілмейді;
4) Декларациядан кейін ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі:
егер осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болса;
осы баптың 4 - тармағында көрсетілген салық кезеңінде-бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салық кезеңінде, сондай-ақ кейінгі екі салық кезеңі ішінде;
өткен салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімін ұзарту.
Аванстық төлемдер сомасының есебін ұсыну мерзімдері:
1) декларацияға дейін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірмей табыс етіледі;
2) декларациядан кейін есепті салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етіледі.