Меню

Страницы

Статья

Тауарлармен электрондық сауда

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.

Тауарлармен Электрондық Сауда жасау ол дегеніміз егер бір мезгілде төмендегі шарттар орындалған кезде:

-тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

-тауарлар үшін төлеу ақысы қолма–қол емес төлеммен жүргізілсе;

-тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет–дүкен және (немесе) интернет–алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

Интернет–алаң – тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.

Интернет–дүкен – тауарларды өз интернет–ресурсында өткізуге арналған, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе.

Сонымен қатар, аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.

Жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.

Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Дата публикации
27 апреля 2021
Дата обновления
27 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы