2021 жылдың 1-қаңтарына Ақтөбе облысы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің жалпы түсімі 404,2 млрд.теңгені кұрады. Соның ішінде Ұлттық қорға 92,0 млрд.теңге түсті.
Мемлекеттік бюджеттің жартыжылдық болжамы 104,7% орындалды, бекітілген жоспары 298,1 млрд.тенге, нақты түсімі 312,2 млрд.тенге немесе болжам көрсеткішінен 14,1 млрд.теңгеге артық түсті.
Болжам көрсеткіштерін орындау, қосымша резервтерді анықтау максатында салық, кедендік және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке толық түсуіне әкімшілендіру шаралары жасалды, соның нәтижесінде 2020 жылы бюджетке қосымша 40,6 млрд.теңге түсім қамтамасыз етілді.