Меню

Страницы

Статья

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

1) салық төлеушінің салықтық өтініші;

2) екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – екінші деңгейдегі банктің өтініші);

3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы жасаған салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасының туындау себептері туралы хаттама бойынша жүргізіледі.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу, қайтару:

салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші ұсынылған;

салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Салық төлеушінің салықтық өтініші, екінші деңгейдегі банктің өтініші салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке алу жүргізілетін салық органына ұсынылады.

Салық органы көрсетілген қателердің бірінің бар екенін растаған жағдайда, осы салық органы:

1) қате төленген соманы бюджет сыныптамасының тиісті кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;

2) салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды жүргізеді.

Салық органдары көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда, осы салық органы көзделген негіздер бойынша салық төлеушіге қатенің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

Дата публикации
22 апреля 2021
Дата обновления
22 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы