Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодексінің (әрі қарай – Салық кодексі) 22 тарауымен және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай – ҚР АПК) 29 тарауымен салық қызыметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі қарастырылған.
Салық кодекстің 187 бабына сай салық төлеушінің және салық агентінің салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.
ҚР АПК Азамат және заңды тұлға мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотта дау айтуға құқылы. Жоғары тұрған органның, ұйымның, лауазымды адамның, комиссиялардың немесе омбудсменнің өтінішті қарауы заңда белгіленген жағдайларда азаматтың және заңды тұлғаның арызы сотқа жүгінудің осындай тәртібі сақталғаннан кейін беріледі.
Арыз сотқа осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық қағидалары бойынша беріледі. Аудандық соттардың соттылығына жатқызылған арыздар азаматтың тұрғылықты жері бойынша сотқа не әрекеттеріне дау айтылып отырған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің орналасқан жері бойынша сотқа берілуі мүмкін.
Арыз берушінің мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер туралы хабардар болу негізі бойынша Қазақстан Республикасынан шетелге кетуіне рұқсат беруден бас тартуға кету туралы өтінішті қанағаттандырусыз қалдыру жөнінде шешім қабылдаған органның орналасқан жері бойынша тиісті аудандық және оған теңестірілген сотта дау айтылады.
Азамат және заңды тұлға құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғаны туралы өздерiне мәлiм болған күннен бастап үш ай iшiнде сотқа арызбен жүгiнуге құқылы.
Сотқа арызбен жүгінуге арналған үш айлық мерзімді өткізіп алу соттың арызды қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылмайды.
Көрсетілген мерзімді қалпына келтіру туралы не осы мерзімді қолдану туралы өтінішхат алдын ала сот отырысында немесе сот отырысында қаралады. Егер мерзім қалпына келтірілмесе, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
Сотқа берiлетiн талап қою арыздарынан мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 0,3 АЕК, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекетiне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдардан – 5 АЕК мемлекеттiк баж алынады.
Салық кодесінің 616 бабына сай соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босатылад.
ҚР АПК 148 бабына сай талап қою арызы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.
Арызда КР АПК 148 бабында 2 тармағында көрсетілген ақпараттар көрсету қажет, және ҚР АПК 149 бабында көрсетідген құжаттарды арызбен қосымша жолдау қажет.
Судья талап қою арызы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешеді.
Талап қою арызын бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылдап, судья сот ісін жүргізу тілін көрсетумен бірге азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.