Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау

Қазақстан Республикасы резиденттігін растау» мемлекеттік қызмет көрсету 2020 жылдың 10 шілдесіндегі №665 Бұйрығына сәйкес, ҚР Салық кодексінің 218-бабы бойынша резидент Қазақстан Республикасы халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте қызметін жүзеге асырған жағдайда, тиісті халықаралық шарттың талаптарын орындаған кезде резидент көрсетілген мемлекетте осындай халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы. Халықаралық шартты қолдану мақсатында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда тұлға Қазақстан Республикасының резиденттігін растау  тұлға тұрған, болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркелген салық органына қатысты жоғары тұрған болып табылатын салық органына резиденттікті растауға арналған салықтық өтінішті ұсынады. 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 

1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы; 

3) «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады. 

Ақпараттық жүйеге ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісін анықтаған кезде салықтық өтініш түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өңделіп беріледі. 

Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 

Қызмет порталы арқылы байланысқан жағдайда, алушыға ұсынуға сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. 

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік корпорация қызметкерлері жеке қабылдауда алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және қабылданған құжаттарды қабылдайды және қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. 

Дата публикации
20 апреля 2021
Дата обновления
20 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы