Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардан 19,7 млрд. теңге көлік салығы түсті Қайта оралу

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 сәуірді қоса алғандағы кезеңде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке 19,7млрд.теңге түсті. Ағымдағы жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша осыған дейін 6,6 млрд.теңге түссе, алдағы төлемдер туралы push-хабарлама жібергеннен кейін 13,1 млрд. теңге түскен. Мұндай статистиканы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

 

Сондай-ақ, МКК-де: «Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылға көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі қажет болатын»,- деді.

2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

Осыған дейін, а.ж. 30 наурызында https://t.me/kgdmfrk Telegram арнасында көлік салығы бойынша сауалнама жүргізген. «Сіз 2020 жылға арналған көлік құралдары салықтың төленуге тиісті алдағы сомасын қалай білдіңіз?»,- деген сұраққа сауалнамаға қатысушылар келесідей жауап берген:

 

- сауалнамаға қатысқандардың 36%-і салық сомасын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы білген;

- 30%-і банктің мобильді қосымшасы арқылы;

- 5%-і «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы Калькулятордың көмегімен өздері дербес есептеген;

- 21% респонденттер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы Калькулятордың көмегімен өз бетінше есептеген;

- 8%-і Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, кеңес алуды жөн көрді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді алғаш рет төлеу мерзіміне дейін «e-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасына жіберетінін мәлімдеген.

2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері негізінде есептелген.

Дата публикации
09 апреля 2021
Дата обновления
09 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы