Меню

Страницы

Статья

Мобильді қосымша 2D сканерді алмастыра алады

Темекі өнімдерін сату үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ, электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы markirovka.kz сілтемесі бойынша тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу жеткілікті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

«2D сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын қосу қажет. Тауарлар номенклатурасын жаңартуға қосымша шығындарды болдырмау үшін www.ismet.kz сайтында онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын өз бетінше қосу бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Тауарлар номенклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқиды. 2Д сканердің құны 25 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін», - деп айтты Ж.Іңкәрбаев.

2Д сканерлерге балама ретінде «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін «Markirovka Qoldau» тelegram-чаты белсенді жұмыс істейді.           2021 жылғы 18 ақпаннан бастап Тауарларды таңбалау жөніндегі бірыңғай оператор «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

Тауарларды таңбалау мәселелері бойынша тәулік бойы 8 800 080 6565 тегін «шұғыл» желі жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Бірыңғай оператормен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

 

Дата публикации
07 апреля 2021
Дата обновления
07 апреля 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы