Тауарлардың бөлшек саудасымен айналысатын салық төлеушілер үшін (оның ішінде «үй жанындағы дүкендер») Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды жазып, Виртуалды қойманы жүргізудің қажеті жоқ.
Олар тек сатып алынған алкоголь өнімдеріне және темекіге арналған ТІЖ растайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.
Мұндай рәсімді Play MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Қалған тауарлар үшін алынған өнімді растау қажет емес.
Салық заңнамасына түзетулердің тиісті пакетін біз жақын арада бастамашылық етеміз.
Осы тақырыптар бойынша бейнесабақтар МКК сайтында және «ҚР ТІЖ енгізу» YouTube арнасында орналастырылған.
Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін «Markirovka Qoldau» Telegram-чат белсенді жұмыс істейді, - деді Ж.Іңкәрбаев.