Меню

Страницы

Статья

Темекі өнімдерінің барлық түрлері үшін цифрлық таңбалау міндетті

1 сәуірден бастап темекі өнімдері мен темекі алмастырғыштардың барлық түрлері үшін цифрлық таңбалау міндетті болды. Бұл ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратты.

Бұдан былай өндірушілер мен импорттаушылар сигареттерді ғана емес, сигараларды, сигариллаларды, кальян темекісін және тіпті электрондық сигареттерге арналған стиктерді де Data Matrix кодымен таңбалауы тиіс.

Осы топтардың таңбаланбаған тауарларының қалдықтары 2022 жылғы  1 сәуірге дейін сатылуы мүмкін. Бұл норма «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы»  ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 қаулысымен реттеледі.

Қазақстанда баламалы темекі өнімдерінің сегменті негізінен (жалпы көлемнің 90%-тен астамы) электрондық сигареттерге арналған стиктермен ұсынылған. Бұл топтың негізгі импорттаушылары Филип Моррис Қазақстан и Бритиш Американ Тобакко Қазақстан компаниялары болып табылады.

Сигаралар мен сигариллаларды Қазақстан нарығына жеткізушілердің аясы кеңірек, сондықтан олар үшін стикеттеу және заттаңбалау сияқты цифрлық таңбалаудың қосымша тәсілдері айқындалды. Олар таңбалау жабдықтарына күрделі шығындарды талап етпейді.

Дата публикации
07 апреля 2021
Дата обновления
07 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
19 октября 2026
Қазақстан Республикасында кедендік алымдардың қандай түрлері белгіленген?
ТОП сұрақтар-жауаптар
19 октября 2026
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын сыйақы түріндегі бейрезиденттің табысына кандай мөлшерлеме бойынша салық салынады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
19 октября 2026
Оңайлатылған декларация бойынша салықтық есептілік нысанын (910.00) толтыру кезінде МӘМС сомасы көрсетілетін жол автоматты түрде толтырылады. Осы жолдағы соманы өзгертуге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы