Меню

Страницы

Статья

Салық әмияны

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті МКК порталының «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында салық әмиянының қызметі бойынша салық төлеушілердің назарына ақпаратты хабарлайды.

⠀

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін қызметтерді цифрландыру нәтижесінде бюджетке салықтарды қолма-қол ақщасыз төлеудің ыңғайлы және қарапайым сервистерін құру бойынша іс-шаралар жүргізілді.

⠀

МКК порталының «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында салық әмиянының қызметі App Store және Play Market жарияланған. Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін ұялы азаматтардың деректер базасында тіркелуді қажет ететін ЭЦҚ немесе СМС кодын қолдану арқылы «Е-Salyq Azamat» қосымшасында тіркелу қажет. Мобильді қосымшада логинді ЖСН/пароль, жылдам кіру коды және биометрия арқылы теңшеуге болады (FaceID, TouchID).

⠀

Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі бар. Қызмет салық төлеушілерге бюджеттегі ағымдағы және алдағы міндеттемелер туралы ақпарат береді.

⠀

Салық әмиянынан ақша декларацияларды, есептеулерді, уәкілетті органдардан ақпаратты ұсыну кезінде салық міндеттемелері туындаған тиісті салықтарға автоматты түрде қосылады.

⠀

Салық міндеттемелерінен пайда болған салықтардың есебіне Салық әмиянынан ақша алу туралы хабарлама қызметке автоматты түрде шығады. Барлық жасалған операциялар тарихын «Төлемдер мен салымдар тарихы» қойындысынан тексеруге болады.

⠀

Салық әмиянынан қайтару қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Салық төлеушінің кобинеті» web-қосымшасы, (egov.kz) «электрондық үкімет» порталы, сондай-ақ «Е-Salyq Azamat» салық әмиянында «артық төлемді басқару» сервисі арқылы ұсынылған салық төлеушілердің салық өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Қаржы басқарушысы кім бола алады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
22 октября 2026
Егер екінші деңгейлі банк, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлық агенттік болып табылмайтын занды тұлға алдындағы орындалмаған міндеттемелер сомасы 1600 АЕК-тен аспаса, сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш беруге бола ма?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы