Меню

Страницы

Статья

Салықтарды төлеудің электрондық сервисі салықтар бойынша төлеу мерзімін өткізіп алуды жояды

Көбінесе салықты дұрыс төлемеу мәселесі көптеген деректемелерді толтырудың күрделілігіне байланысты. Мұндай тәжірибемен МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында бөлісті.

«Қалыптасқан бюджеттік, қазынашылық, банк жүйелеріне әсер етпей, салықтарды төлеудің электрондық сервисін қолдана отырып, Салық әмиянының принципін құру және енгізу арқылы жеке тұлғалардың салықтарын төлеу тәсілін өзгерту туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті.

Қолданыстағы деректемелермен қатар, салық төлеушілерге әмиянды толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі беріледі. Ақша қазынашылық арқылы бюджетке әмиянның бірыңғай деректемелеріне аударылады және міндеттемелер туындаған салықтарға автоматты түрде есептен шығарылады.

«Әмиянды кез келген банктің картасы арқылы деректемелерді толтырмай-ақ толтыруға болады. Ірі банктермен жүргізілген интеграция нәтижесінде Халық банкінің және Каспий банкінің карталарымен төлем жасау кезінде комиссия алынбайды", - деп атап өтті Ж.Іңкәрбаев.

Әмиянға ақша 2-3 минут ішінде есептеледі және «Әмиян балансында» көрсетіледі.

Кейіннен салық міндеттемелері пайда болған кезде әмиян балансынан ақша автоматты түрде алынады, бұл туралы салық төлеушіге хабарланады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда әмиянды 50,0 млн.теңге сомасына 10,8 мың рет толтырды.

Дата публикации
17 февраля 2021
Дата обновления
17 февраля 2021
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы