Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына акцизделетін тауарларды салықтандыруға қатысты бірқатар өзгерістер енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының салық заңнамасына акцизделетін тауарларды салықтандыруға қатысты бірқатар өзгерістер енгізіледі.

 Темекі өнімдеріне акциздердің ставкалары кезең-кезеңімен өседі
Қазақстан Республикасында темекі өнімдерінің заңсыз айналымының таралуын болдырмау мақсатында темекі өнімдеріне акциз ставкаларын кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін темекі өніміне арналған акциздер ставкаларын үйлестіру (сәйкестендіру) "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы Келісім" (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 911 қаулысы) шеңберінде іске асырылады.

Енгізілетін жаңа нормаларға сәйкес (2020 ж. 10 желтоқсандағы ҚРЗ) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің ставкалары:
- темекіге 12 300 теңге / 1000 данасына;
- қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 11 750 теңге / 1 кг темекі қоспасына;
- никотині бар сұйықтыққа 8 теңге / 1 миллилитр сұйықтыққа құрайтын болады.

Қолданыстағы заңнама бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін акциз ставкалары:
- темекіге 11000 теңге / 1000 данасына;
- қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 7345 теңге /1 кг темекі қоспасына;
- никотині бар сұйықтыққа 5 теңге/1 миллилитр сұйықтық құрайды.

Жаңа тауарларды акцизделетін тауарлар тізбесіне енгізу
Қазіргі уақытта газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы, экологиялық отын түрінде, ЕАЭО елдеріне бензиннің экспорты ұлғайды, бұл ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығына алып келеді және көлеңкелі айналымның ұлғаюына ықпал етеді.

Осыған байланысты, акцизделетін тауарлар тізіміне жаңа тауарлар енгізілді, атап айтқанда газохол, бензанол, нефрас, жеңіл көмірсулар қоспасы және экологиялық отын.

Бұл өзгертулер 2022 жылдан бастап қолданысқа енеді.

 

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы