Көлік салығын төлеуді есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру себебінен салық көлемінің ұлғаюына байланысты азаматтар арасында түсініспеушілік тудырған сауалдарға байланысты #Қаржымин төмендегіні хабарлайды.
Салық төлеуші 2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек.
Тиісінше, #көлік салығының сомасын есептеу кезінде 2020 жылғы 1 қаңтардағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ескеріледі.
Еске сала кетейік, аталған мерзімде #АЕК 2 651 теңгені құрады. Яғни, салық осы көрсеткішпен есептеледі.
2021 жылға арналған көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарындағы АЕК қолданылатын болады.
Демек, 2020 жыл үшін көлік салығы өспейді.