Салық кодексінің 470-бабына сәйкес лицензия алатын, сондай-ақ Салық кодексінің 472-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар лицензиялық алымды төлеушілер болып табылады.
Салық кодексінің 472-бабы 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлері::
- алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу;
- алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу.
Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу бойынша айналысуға арналған лицензияны пайдаланғаны үшін Салық кодексінің 555 - бабының нормасымен лицензияны пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі-төлемақы) алу белгіленген.
Салық кодексінің 557-бабы 3.1-тармағына сәйкес, "алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу" қызметі саласындағы төлемақы мөлшерлемесі қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін әрбір қызмет объектісі үшін: Астанада, Республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалаларда 60 АЕК, ауылдық 20 АЕК құрайды.
Салық кодексінің 558-бабына сәйкес төлемақы төлеушілер жыл сайын өзінің орналасқан жері бойынша төлемақы сомасын тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен, 25 желтоқсанынан кешіктірмей төлейді.
Баяндалғанның негізінде, ҚР Салық кодексінің 555-558-баптарына сәйкес (2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) жыл сайынғы төлемді төлеу бойынша міндет жүктелген (105434 БСК).