Меню

Страницы

Статья

«Кезекті қалай брондауға болады?»

Салық органына баратын кезде уақытты онлайн брондауға болады. Қызмет Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде қол жетімді.
Егер де, Сіз қалаған қызметті дер кезінде алып, алайда кезек күтіп уақыт шығындағыңыз келмесе онда оның шешімі бар. Салық органдарына келу уақыты мен күнін онлайн брондау енді www.kgd.gov.kz ресми интернет русурсында ғана емес, сонымен қатар «e-Salyq mobile» мобильді қосымшасында қол жетімді. Бұл қосымшаны смартфонға (Google play және App Store-да қол жетімді) жүктеп алып, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта бөлімшеге келе аласыз.
Қосымшаның бастапқы бетіндегі «Онлайн брондау» қойындысында сіз өзіңіздің ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізіп, қалаған қызмет түрін белгілеп, жүгінетін ауданды сондай-ақ күні мен уақытын тандайсыз. Келесі кезекте, брондау нөмірі келетін электрондық поштаңызды көрсетіп, «брондау» батырмасын басуыңыз керек. Осыдан соң, кезегіңіз келгенше қалаған ісіңізбен алаңсыз айналыса беруіңізге болады.

Дата публикации
30 декабря 2020
Дата обновления
30 декабря 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы