Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Осылайша, жаңа түзетулер жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі есепті жылдан кейінгі жылдың I - тоқсанының соңына ауыстырылады.

Яғни, көлік иелері 2020 жылға арналған темір тұлпарына салықты 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлей алады. Бұл норма тұрақты болып табылады.

Комитетте атап өткендей, бұндай жаңашылдықтар жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін дұрыс есептеу және көлік құралдарын иеленудің нақты мерзімінің өзгеруіне байланысты артық төлемнің пайда болуын болдырмау, көлік құралдарына қате (артық) төленген салықты қайтаруға байланысты әуре-сарсаңға салуды болдырмау мақсатында енгізіліп отыр. 

Дата публикации
28 декабря 2020
Дата обновления
28 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы