Меню

Страницы

Статья

Егер мен жеке тұлға ретінде ЭШФ АЖ -да дұрыс тіркелмеген болсам, жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелуге болады?

Сұрақ:

Егер мен жеке тұлға ретінде ЭШФ АЖ -да дұрыс тіркелмеген болсам, жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелуге болады?

 Жауап:

ЭШФ АЖ - да жеке тұлға ретінде тіркелу кейіннен дара кәсіпкер (бұдан әрі-ЖК) ретінде тіркелуге кедергі болмайды.
Жеке кәсіпкер ретінде жүйеде тіркелу жөніндегі нұсқаулық.
1. ЭШФ АЖ кіру терезесінің интерфейсінде «Пайдаланушыны тіркеу» нысанында «Жеке кәсіпкер»тіркеу санатын таңдап, «Тіркеуді бастау» батырмасын басу қажет.
2. 1-қадамда - «Сертификатты таңдау» «Сертификатты таңдау» батырмасын басыңыз, АЖ Сертификатты таңдау терезесін көрсетеді. RSA сертификатын таңдап, пин-кодын енгізіп, «Дайын» түймесін басыңыз.
3. 2-қадамда - «Тіркеу деректері» ЭШФ АЖ сертификаттан деректерді оқиды, нысанды деректермен толтырады. Нысанды тіркеу деректерімен толтыруды аяқтаңыз және «Келесі» батырмасын басыңыз, содан кейін 3-қадамға өту жүзеге асырылады.                                     4. 3 - қадамда - «Келісіммен танысу» экранда ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісім көрсетіледі, оған сертификатпен қол қою қажет. «Қол қою» батырмасын басыңыз, АЖ Сертификатты таңдау үшін терезені көрсетеді. RSA сертификатын таңдап, пин-кодты енгізіп, «Дайын»батырмасын басу керек, ЭШФ АЖ 4-қадамға көшуді жүзеге асырады.
5. «Аяқтау» 4-қадамында «Тіркеуді аяқтау» терезесі көрсетіледі, ол пайдаланушыға е-mail-ді тексеру және «Жеке кәсіпкер» ретінде ЭШФ АЖ-да тіркеу рәсімін аяқтау үшін сілтеме бойынша өту қажеттігі туралы хабарлайды.
6. ЭШФ АЖ e-mail-ге ЭШФ АЖ web-порталына кіру үшін сілтеме жіберді. Электрондық поштада хатты ашып, сілтеме бойынша өтіңіз, браузерде ЭШФ АЖ веб- порталына кіру терезесі көрсетіледі.
7. AUTH сертификатын таңдау арқылы кіріңіз. Пин-кодын енгізіп, «Аяқтау» түймесін басыңыз.
8. ЭШФ АЖ кіру терезесінің интерфейсінде жеке тұлғаның ЖСН көрсетіледі. Тіркеу кезінде орнатылған құпия сөзді енгізіңіз.
9. «Кіру» түймесін басыңыз. Авторизация сәтті аяқталды.
10. ЭШФ АЖ e-mail-ге ЖК ретінде тіркеудің аяқталғаны туралы хабарлама жіберді.

Дата публикации
08 октября 2026
Дата обновления
08 октября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы