Сұрақ:
ЖШС хабарламасын орындамаудың 100 000 теңге мөлшерінде салық берешегі бар. Салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберді, алайда ЖШС белгіленген мерзімде берешекті өтемеді.
Мемлекеттік кірістер органы ЖШС-не бұдан әрі қандай шараларды қолдануға құқылы?
Жауап:
Салық берешегі 45 АЕК-ке дейін өтелмеген жағдайда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің мынадай тәсілдері және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылатын болады:
1.Салық кодексінің 86-бабында көзделген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
2.Салық кодексінің 185-бабында көзделген тәртіппен салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу.