Сұрақ:
Мен ҚҚС төлеушісімін және күзет қызметін көрсетемін. ЭШФ-ны белгіленген мерзімді бұза отырып жазып бердім. Маған айыппұл салына ма?
Жауап:
Шот-фактураны жазып беру мерзімі:
ҚР Салық кодексінің 493-бабының 1- тармағына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және осы күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып берілуі тиіс. Әкімшілік жауаптылық: ҚР ӘҚбтК-нің 280-1-бабына (3 және 4- бөліктері) сәйкес:
- Салық төлеуші ЭШФ-ны мерзімін бұза электронды нысанда жазып берсе ескерту жасауға әкеп соғады (3-бөлік).
- Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса
•шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 20 АЕК;
•орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 50 АЕК;
•іpі кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК айыппұл салынады (4-бөлік).