Сұрақ:
Нөлдік есептілікті автоматты түрде тапсыру үшін не істеу керек?
Жауап:
ҚАЛАЙ ТҮЗЕТУГЕ БОЛАДЫ?
Қадамдық нұсқаулық; СӘИЖ цифрлық жүйесіне кіріп, «Профиль» бөліміне өтіңіз, «Ұсынылатын СЕН» бөлімін табыңыз - СЕНды таңдаңыз - кезеңді көрсетіңіз (тоқсан, жарты жыл, жыл - нысанның кезеңділігіне байланысты) - есептілікті ұсынудың басталу жылын - 2026 деп көрсетіңіз МКО кодын көрсетіңіз (егер жүйе сұраса) - қол қойып, жіберіңіз. қызмет түрлері өзгеріп, соған байланысты басқа салықтық есептілігінің нысандарын ұсыну қажет болған жағдайда, салық есептілікті ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін веб-қосымшада ұсынуға жататын басқа да салық есептілікті нысандарын көрсету қажет.
Назар аударыңыз:
әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілмеу үшін салық есептілікті уақтылы және дербес ұсыну маңызды. Егер салық төлеуші соңғы салықтық есептілікті ұсынғаннан кейін 12 ай ішінде есептілікті дербес ұсынбаса, мұндай салық төлеуші әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілуі мүмкін.