Сұрақ:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа АСР режимі қай сәтте жұмыс істей бастайды?
Жауап:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолданудың басталу күні:
- жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асырған жағдайда, бірінші төлем құжатында (төленген жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің сомасы көрсетілген төлем құжаты) көрсетілген ай;
- өзге жағдайларда арнайы мобильді қосымшада қалыптастырылған алғашқы чектің күні.