Сұрақ:
ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылады, бірақ іс жүзінде сатып алушы ТМККК шеңберінде осындай дәрі-дәрмек құнының бір бөлігін бюджеттен өтей отырып, неғұрлым жоғары бағамен қосымша төлем бойынша дәрілік заттарды сатып алуға құқылы. Мұндай қосымша төлем сомасына ҚҚС салынады ма?
Жауап:
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде, сондай-ақ дәрілік заттар тізбесіне енгізілген орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды өткізу ҚҚС-тан босатылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 Қаулысы). "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Денсаулық сақтау туралы Кодекс) ережелерінде ТМККК бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмектің көлемін білдіретіні көзделген. Бұл ретте ТМККК-ны қаржыландыру бюджет есебінен жүзеге асырылады, сондай-ақ ерікті тәртіппен жүзеге асырылатын қосымша төлем кезінде азаматтардың қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Осылайша, денсаулық туралы Кодексте белгіленген тұжырымдаманы негізге ала отырып, ТМККК бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемін көздейді, ал Сатып алушы ерікті тәртіппен ақылы негізде жүзеге асыратын дәрілік зат пен ТМККК құнындағы айырманы бюджет қаражаты есебінен төлеу бірлескен төлем болып табылады. Тиісінше, сатып алушы дәрілік зат құнының айырмасына және ТМККК шеңберінде өтеу сомасына ерікті түрде жүзеге асыратын қосымша төлемге босатуларды қолданбай ҚҚС салынады.