Сұрақ:
Хабарлама берген кезде бас тарту шығады:" ЭҚЖЖ рұқсат етілген тізімге кірмейді", бірақ тыйым салынған тізімде жоқ. Неліктен?
Жауап:
Көбінесе, себебі көрсетілген ЭҚЖЖ коды ескірген, өзгертілген немесе жіктеуіштен шығарылған. Мысалы, ЭҚЖЖ 86900 жойылып, 86901 және 86909 ауыстырылды; ЭҚЖЖ 62022 жіктеуіштен шығарылды. Не істеу керек?
Тіркеу деректеріндегі Экономикалық қызмет түрін жаңарту:
- ЖК-тіркеу деректерінің өзгергені туралы хабарлама беру;
- заңды тұлғаларға-тіркеуші органдар немесе "е-статистика" жүйесі арқылы өзгерістер енгізу.
Деректер жаңартылғаннан кейін және барлық шарттар орындалған кезде қолданылатын режим туралы хабарламаны қайта жіберіңіз.