Сұрақ:
Оңайлатылған декларация бойынша салықтық есептілік нысанын (910.00) толтыру кезінде МӘМС сомасы көрсетілетін жол автоматты түрде толтырылады.
Осы жолдағы соманы өзгертуге бола ма?
Жауап:
Егер 910.00-нысандағы МӘМС бойынша жолдар автоматты түрде толтырылған болса, салық төлеуші дербес түзете алады. Ол үшін тиісті жолдағы барлық мәндерді белгілеп, қажетті соманы, мысалы 0 (нөл) мәнін енгізуге болады.