Сұрақ:
Жаңа Салық кодексінде геологиялық барлау үшін қандай да бір ынталандыру қарастырылған ба?
Жауап:
ҰНҚ барлау келісімшарттары бойынша КТС есептеу кезінде шығыстарды пайдалы қазбаларды өндіру жүріп жатқан қолданыстағы келісімшарттарға немесе келісімшарттан тыс қызметке ауыстыруды көздейді.
Бұл нормалар шығыстары бұрын шегерімге қабылданбаған сәтсіз барлауға да қолданылады.
Сонымен қатар, ҰНҚ-да жаңа жобалар үшін ХДПИ төлеуден 5 жылға босату бойынша қолданыстағы жеңілдік сақталды (өндіру 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін басталды). Бұл шаралар геологиялық барлауға инвестициялар деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, бұл ресурстық базаны толықтыруға оң әсер етеді.