Сұрақ:
Неліктен төлем тәсілі ретінде тек «қолма-қол ақша» немесе «қолма-қол ақшасыз» ғана көрсетілген? Егер клиент аралас тәсілмен (ішінара қолма-қол ақша, ішінара қолма-қол ақшасыз) төлесе, не істеу керек?
Жауап:
Егер сатушы ҚҚС төлеуші болса, тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде шот-фактура жазып беруге міндетті.
Шот-фактураны толтыру кезінде төлем тәсілін көрсету қажет. Екі нұсқа қарастырылған: «қолма-қол ақша» немесе «қолма-қол ақшасыз». Егер төлем тек қолма-қол немесе тек қолма-қол ақшасыз емес, мысалы, аралас тәсілмен (бір бөлігі қолма-қол, екінші бөлігі қолма-қол ақшасыз аударым арқылы) немесе басқа тәсілмен жүргізілсе, шот-фактурада «қолма-қол ақшасыз» төлем тәсілі көрсетіледі.