Сұрақ:
Неліктен «КЕДЕН» АЖ-да тауарларға арналған декларацияны тіркеуден немесе шығарудан бас тартуы мүмкін?
Жауап:
Бас тарту декларацияны автоматты түрде тіркеу кезеңінде де, кеден органы лауазымды адамы кедендік бақылауды аяқтағаннан кейін де болуы мүмкін.
Ең жиі кездесетін себеп - кедендік алымдарды, кедендік әкелу баждарын, салықтарды, акциздерді және өзге де төлемдерді төлеу үшін жеке шотта қаражаттың болмауы немесе жеткіліксіз болуы. Сонымен қатар кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін қосымша кедендік баждар, салықтар немесе өзге де төлемдер есептелуі мүмкін. Сондықтан декларацияны тапсырмас бұрын және кедендік бақылау нәтижесін алғаннан кейін жеке шоттың жәй күйін , барлық есептелген кедендік төлемдерді төлеуге жеткілікті ақша қаражатыңыз болуын қамтамасыз ету ұсынылады.