Сұрақ:
Үшінші елдерден әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары қандай мөлшерлемелер бойынша кедендік декларацияланады?
Жауап:
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешіміне сәйкес, үшінші елдерден әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын кедендік декларациялау кедендік әкелу баждары мен салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.