Сұрақ:
Борышкердің қаржылық жағдайы жақсарған кезде оның бастамасымен соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтатуға бола ма?
Жауап:
Егер рәсімді жүргізу кезеңінде оның меншігіне мүлік түскен немесе оның мүліктік жағдайы өзгеше түрде өзгерген, бұл оған кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан астам орындауға мүмкіндік беретін не берешекті реттеу туралы кредитормен келісім жасалған жағдайда борышкер уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге міндетті