Сұрақ:
ЖШС құрылтайшысы / директоры өзін-өзі жұмыспен қамтуы мүмкін бе?
Жауап:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін СНР қолдануға рұқсат етілген қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын тұлға мұндай режимді қолданудың барлық шарттарына сәйкес келген кезде осы режимді қолдануға құқылы. Бұл ретте, Салық кодексінің 723-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес.