Сұрақ:
Автокөлігімді кедендік рәсімдеу кезінде жолаушылар кедендік декларациясын толтыру барысында VIN-код қате көрсетілген болса, декларациядағы мәліметтерді түзетуге бола ма?
Жауап:
Иә, тауарлар шығарылғаннан кейін жолаушылар кедендік декларациясына өзгерістер енгізуге болады.
Ол үшін жолаушылар кедендік декларациясын ресімдеп, тауарларды шығаруды жүзеге асырған Мемлекеттік кірістер департаментіне өтініш беру қажет.
Өтініш қаралғаннан кейін, негіздер болған жағдайда декларацияға тиісті түзетулер енгізіледі.