Сұрақ:
Жаңа Салық кодексіне сәйкес әрекетсіз салық төлеушілер тізілімінен енгізу және шығару тәртібі өзгере ме?
Жауап:
Иә, өзгереді. Егер салық төлеуші соңғы салық есептілігін тапсырғаннан кейінгі 12 ай ішінде есептілікті өз еркімен тапсырмаса, ол әрекетсіз деп танылады және тізілімге енгізіледі.
Декларация түрлеріне қарай бөлу (мысалы, КТС, ойын бизнесі, ЖТС, шағын бизнеске арналған декларация және т.б.) жойылады.
Тізілімнен шығару – нөлдік көрсеткіштері бар қосымша есептілік тапсырылған жағдайда ғана, талап қою мерзімі ішінде автоматты түрде жүзеге асады.
Салық органының бұйрығы орнына – шешім қабылданады, шығару мерзімі 5-тен 3 жұмыс күніне қысқарады.
Салық тексерісі жүргізу талабы алынып тасталады.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкер әрекетсіз деп танылған күннен кейінгі 1 жұмыс күнінде ЭШФ жазып беруге тыйым салынады.
ҚҚС төлеуші заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе бірінші басшысы әрекетсіз деп танылса, жаңа ұйым да автоматты түрде тізілімге енгізіледі.