Сұрақ:
Банкроттық рәсімінің мерзімі қандай және ол қай күннен бастап есептеледі?
Жауап:
Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 84-бабы 1-тармағына сәйкес банкроттын рәсімінің мерзімі тоғыз айды құрайды және кредиторлар жиналысының шешімімен екі жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Сонымен қатар, банкроттық рәсімінің мерзімін қайта ұзартуға жол беріледі, бірақ мұндай рәсімнің жалпы ұзақтығы бес жылдан аспауға тиіс.
Банкроттық рәсімінің мерзімі борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.