Меню

Страницы

Статья

Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

Сұрақ:

Банкроттың мүлкі қандай тәсілмен сатылады және оны сату жоспарын кім әзірлейді?

Жауап:

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 99-бабының 1- тармағына сәйкес банкроттың мүлкін, оның ішінде талап ету құқықтарын сату банкроттық басқарушы тарапынан сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткізу немесе тікелей сату әдісі арқылы жүзеге асырылады.
Банкроттың мүлкін сатуға арналған электрондық аукционды ұйымдастыру және өткізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Сонымен бірге, Заңның 99-бабының 1-тармағына сәйкес сату жоспары банкроттық басқарушы тарапынан банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау нәтижелері негізінде, сондай-ақ кредиторлар жиналысының мүлікті электрондық аукционға шығару туралы шешімі негізінде әзірленеді.
Айта кету керек, банкроттық басқарушы сату жоспарын кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде әзірлеп, кредиторлар комитетінің қарауына ұсынуға міндетті.

Дата публикации
11 сентября 2026
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Қандай шарттар сақталған кезде бейрезидент алған аванс (алдын ала төлем) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын оның табыс деп танылады?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
Мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғамын және Е-salyq Business қосымшасындағы «Салық әмияны» арқылы салық төледім. Неліктен әлеуметтік төлемдер өтелмеді?
ТОП сұрақтар-жауаптар
21 октября 2026
«Салық әмиянын» қателесіп толықтырдым. Ақшаны қалай қайтаруға болады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы