Сұрақ:
Қандай тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды?
Жауап:
Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінің 6-қосымшасымен бекітілген.
Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінің 6-қосымшасымен бекітілген.Мұндай тауарларға, атап айтқанда, көлік құралдарының жекелеген түрлері, іштен жанатын қозғалтқыштар, өнеркәсіптік жабдықтар, медициналық жабдықтардың жекелеген түрлері, экспорттық бақылауға жататын тауарлар, сондай-ақ аталған Тізбеде тікелей көзделген өзге де тауарлар жатады.
Сонымен қатар белгіленген сандық нормалардан асқан жағдайда тауарлардың жекелеген санаттары (алкоголь және темекі өнімдері, балық, бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы және т.б.) да жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайды.Аталған тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде қарастырылмайды және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік декларациялауға жатады.