Сұрақ:
Салықтық тексеруді жүргізу мерзімі?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 163-бабына сәйкес" салық органының нұсқамасында көрсетілген салықтық тексеруді жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс". Салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін кодекс арнайы мерзімдер мен тексеру мерзімін ұзарту мүмкіндігін белгілейді.