Сұрақ:
Қандай құжат негізінде салықтық тексеру жүргізіледі?
Жауап:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 162-бабына сәйкес салықтық тексеру Кодексте белгіленген тәртіппен салық төлеушіге тапсырылған салық органының нұсқамасы негізінде басталады. Нұсқамада тексеру түрін, тексерілетін кезеңді, оны жүргізу мерзімдерін және салық органының лауазымды адамдарын айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер қамтылады.